Әзербайжаннан АҚШ санкцияларына наразылық

Хикмет Хаджиев президент Ильхам Әлиевтің санкцияларға наразылық көрсеткенін мәлімдеді.

1545685
Әзербайжаннан АҚШ санкцияларына наразылық

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Түркияға бағытталған S-400 әуе қорғаныс жүйесіне қарсы санкция шешімін «қабылданбайтын», «әділетсіздік» пен «заңсыздықтың белгісі» деп бағалады.

Әзербайжан президентінің кеңесшісі Хикмет Хаджиев жасаған мәлімдемеде «Президент Әлиев Түркияға бағытталған біржақты санкцияларды «қабылданбайтын» деп бағалайды. Кейбір НАТО-ға мүше елдер ұқсас әуе қорғаныс жүйесін қолданып жатқанда Түркияға санкция жасау әділетсіздік. Президентіміз осы жағдайды қос стандарт және заңсыздықтың бір белгісі ретінде бағалайды» деді.

Президент Ильхам Әлиев «Санкциялардың Түркияның қорғаныс қабілеттерін нығайту қадамдарына кедергі жасамайтынына сенімдімін. Түркияның бұл тақырыпты тиісті жұмыс тобы аясында объективті келіссөздерге бағытталған ұсыныстары жауапсыз қалды», деді ол.

Хаджиев Әзербайжанның Түркияны, Түркияның да Әзербайжанды қолдайтынын және екі елдің әрдайым бір-бірінің жанында екенін атап, 10 желтоқсан күні Бакуде ұйымдастырылған «Жеңіс» рәсіміне Режеп Тайып Ердоғанның қатысуының бұл ынтымақтастықтың көрсеткіші екенін мәлімдеді.

АҚШ Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйесі сатып алғаны себепті Түркияға кейбір санкцияларды іске қосуға шешім қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар