Түрік әскерлері Таулы Қарабахта

ҰҚМ түрік әскерлерінің Әзербайжанда мина мен жарылғыш заттарды тазалай бастағанын жариялады.

1547153
Түрік әскерлері Таулы Қарабахта

Ұлттық қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) «Әзербайжан Қарулы Күштерінің ерлік пен табанды күресі нәтижесінде Армения оккупациясынан құтқарылған Таулы Қарабахтағы миналар мен қолдан жасалған жарылғыш заттарды залалсыздандыру» жұмыстарының жалғасқанын білдірді.

Ұлттық қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) Арменияның оккупациясынан азат етілген Таулы Қарабахтағы миналанған аймақтарды тазарту үшін Құрлық күштері қолбасшылығы құрамындағы Арнайы миналарды іздеу және тазарту жасақтарының 136 қызметкерінің Әзербайжанда жұмыс істеп бастағанын жариялады.

Министрліктің интернет парақшасынан жасалған мәлімдемеде «Әзербайжан Қарулы Күштерінің ерлігімен Арменияның оккупациясынан азат етілген Таулы Қарабахта миналар мен қолдан жасалған жарылғыш заттарды залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда» делінді.

Мәлімдемеде Құрлық күштері қолбасшылығы құрамындағы Арнайы миналарды іздеу және тазарту жасақтарының 136 қызметкерінің аймақтағы миналарды залалсыздандыру және Әзербайжан армиясы құрамындағы қызметкерлерді жаттықтыру мақсатты Әзербайжанға барғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар