Шуша Әзербайжанның "Мәдениет астанасы" атанды

Ильхам Әлиев Шуша қаласын елдің "Мәдениет астанасы" деп жариялады.

1557986
Шуша Әзербайжанның "Мәдениет астанасы" атанды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Армения жаулап алуынан құтқарылған Шуша қаласы елдің "Мәдениет астанасы" деп жарияланғанын хабарлады.

Ильхам Әлиев мәдениет министріне тағайындаған Анар Керимовпен видео конференция өткізді.

Әзербайжанның бай мәдениетке ие екенін айтқан президент Ильхам Әлиев Керимовқа мәдениет пен тілді қорғау және жандандыру тақырыбында бұйрықтар берді.

Әлиев бір кездерде Арменияның жаулап алуына ұшыраған территорияларда 60-тан астам мешіттің құлатылғанына меңзеп:

"Халықаралық ұйымдардың ешбірі бұл тақырыпта Арменияны айыптамады. Біз армян шіркеулерін қорғап отырмыз. Біздің армян халқымен ешқандай мәселеміз жоқ. Әзербайжанда тұратын армяндар біздің азаматтарымыз" деді.

Басты міндет армяндар құлатқан тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және қайтадан салу екенін атап айтқан Әлиев:

"Шушаны Әзербайжан мәдениетінің бас қаласы деп жариялаймын. Шуша қаласы бұған лайықты. Тек Әзербайжан ғана емес, аймақтың мәдени орталығына айналатынына сенемін" деп баса көрсетті.

Әзербайжан тарихы мен мәдениетінің символы болумен бірге, әрі аймаққа үстем географиялық орнымен, әрі Таулы Қарабахтың ең ірі қаласы Ханкендиге баратын жол үстінде болуы себепті стратегиялық мәнге ие Шуша қаласы 1992 жылы 8 мамырда Армения армиясы тарапынан жаулап алынған болатын.

Әзербайжан армиясы Шушаны 8 қарашада Армения жаулап алуынан құтқарды.  



Ұқсас жаңалықтар