Әлиев 2020 жылды бағаландырды

Әлиев 2020 жылғы негізгі табыстары территориялардың құтқарылуы болғанын айтты.

1558759
Әлиев 2020 жылды бағаландырды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Арменияны жеңіп, 30 жылдан бері жауланып жатқан территориялардың құтқарылуы елінің 2020 жылғы қол жеткен негіздік табысы екенін айтты.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев экономика басшыларымен 2020 жылға байланысты  бағаландыру жиналысын өткізді.

Видео конференция жолымен өткен жиналыста Әлиев:

"2020 жылдың негізгі табысы территорияларымыздың құтқарылуы болды. Әзербайжан 44 күндік тарихи жеңіспен территориясын құтқарды, дұшпанға күйретуші соққы берді және Арменияны жеңді" деп көрсетті.

Әлиев Арменияның жеңілгенін қабылдаған мәлімдемеге қол қойғанын және осының нәтижесінде Әзербайжанның жауланып жатқан басқа 3 уәлаяты да саяси жолмен қайтарылғанын білдірді.

Оңтүстік Газ дәлізінің соңғы түйіні Транс Тынық мұхиты құбыр желісінің (ТАП) 31 желтоқсанда жұмысты бастағанын ескерткен Әлиев:

"Тарихта тұңғыш рет Әзербайжан табиғи газы Еуропаға жетті. Бұл біздің тарихи табысымыз" деді.

Әлиев Әлемдік банк Жұмыстандыруды оңайластыру индексінде Әзербайжанның 190 ел арасында 28-ші орында екенін, ең реформашыл 10 ел арасына кіргенін атап көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар