Таулы Қарабахта 2841 Әзербайжан әскері шейіт болды

Армения армиясы 20 қарашада Агдамнан, 25 қарашада Кельбаджардан және 1 желтоқсанда Лачиннен шегінді.

1562342
Таулы Қарабахта 2841 Әзербайжан әскері шейіт болды

Әзербайжан армиясы Таулы Қарабахда территорияларды жаулап алудан құтқару үшін жасаған операцияда 2 мың 841 шейіт берді.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі 27 қыркүйекте басталып, 10 қарашада Арменияның жеңілгенін қабылдаған келісімге қол қоюымен аяқталған соғыстағы жан шығынына байланысты мәліметті жариялады.

Бұрын 2 мың 823 деп жарияланған шейіт саны кейбір мәйіттердің табылуы және төлқұжаттарының анықталуымен шейіт санын 2 мың 841 кісі деп жаңалады.

64 әскердің жоғалып кеткенін хабарлаған министрлік жерленген шейіттердің тізімін халықпен бөлісті. 

Әзербайжан армиясының 2020 жылы 27 қыркүйекте бастаған операциясында 5 қала орталығы, 4 қалашық және 286 ауылдың құтқарылуымен Армения жеңілгенін қабылдады, жаулап жатқан Агдам, Лачин және Кельбаджар уәлаяттарын босату келісіміне қол қойды.

Армения армиясы 20 қарашада Агдамнан, 25 қарашада Кельбаджардан және 1 желтоқсанда Лачиннен шегінді.    



Ұқсас жаңалықтар