Ильхам Әлиев вакцина әділетсіздігін күн тәртіпке әкелді

Әлиев вакцина тақырыбында кейбір елдер арасындағы дағдарыстың алаңдатқанын атап көрсетті.

1575530
Ильхам Әлиев вакцина әділетсіздігін күн тәртіпке әкелді

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев «Дамыған елдер әлем халқының 14 пайызын құрайды. Бірақ бұл елдер әлемдегі вакциналардың 53 пайызына тапсырыс берді. Яғни әділетсіздік, теңсіздік әлі де бар» деді.

Ильхам Әлиев Әзербайжан мемлекеттік телеарнасына жасаған мәлімдемесінде вакцина тақырыбында кейбір елдер арасындағы дағдарыстың алаңдатушылық туғызғанын атап көрсетті.

«Бейресми неоколониализм кезеңі немесе жарияланбаған бір отарлаудың куәсі болып отырған тәріздіміз» деген Әлиев Қосылмау қозғалысы кезекті төрағасы ретінде бұл тақырыпты халықаралық аренада күн тәртіпке әкелгенін атап көрсетті.

Канадаға мысал келтіріп бұл елдің 38 миллион халқы болса да, 154 миллион вакцинаға тапсырыс бергенін айтқан Әлиев «Дамыған елдер әлем халқының 14 пайызын құрайды. Бірақ бұл елдер әлемдегі вакциналардың 53 пайызына тапсырыс берді. Яғни әділетсіздік, теңсіздік әлі де бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар