Әзірбайжандықтар түрік әскерлерін ұмытпады

Еске алу рәсімін Ұлы Азаттық партиясы ұйымдастырды.

73859
Әзірбайжандықтар түрік әскерлерін ұмытпады

Әзірбайжандықтар түрік әскерлерін ұмытпады.
1918 жылы Әзірбайжанның тәуелсіздігі үшін Түркиядан сол елге барып, сонда шәйіт болған түрік әскерлері еске алынды.
Олар үшін Баку Түрік шәйіттігінде рәсім өткізілді.
Еске алу рәсімін Ұлы Азаттық партиясы ұйымдастырды.
Шәйіттіктегі ескерткішке гүл шоқтарын қойған партия мүшелері Әзірбайжанның тәуелсіздігі үшін елдерінен мыңдаған км алықта шәйіт болған түрік әскерлеріне дұға оқыды.
Нури Паша басшылығындағы армия 1918 жылы Әзірбайжанға барып, аймақты армян және большевик басқыншылығынан құтқарған болатын.
Ерікті Әзірбайжан жасақтарының да армияға қосылуымен түрік және ислсам әлемінің тұңғыш республикасы Әзірбайжан Халық Республикасы жарияланған еді.
Ұлы Азаттық партиясы басшысы Фазыл Мұстафа Нури Пашаға «Әзірбайжанның Ұлттық Қаһарманы» атағы берілуі үшін ұсыныс бергендерін айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар