Чичек Еседовпен кездесті

ТүрікПа кезекті төрағалығы Әзірбайжанға тапсырылады.

92325
Чичек Еседовпен кездесті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Жемил Чичектің Бакудегі байланыстары жалғасуда.
ТүрікПа-ның 5-ші отырысына қатысу мақсатымен Әзірбайжанға барған Чичек әріптесі Октай Еседовпен бас қосты.
Кездесудің негізгі тақырыбы Түркітілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеясы ТүрікПа-ның жұмыстары болды.
Айырықша екі елдің экономика және энергия саласындағы байланыстары да қолға алынды.
Әзірбайжан мен Түркия арасындағы 2 миллиард долларлық сауда айналымы жеткіліксіз.
Энергия жобаларының маңызын атап көрсеткен Мәжіліс төрағасы Чичек екі ел жүзеге асырған жобалардың жақын уақытта Еуропа энергия картасын өзгертетінін айтты. Мәжіліс төрағасының айтуынша Әзірбайжан мен Түркия арасындағы қатынастардың нығайтылуы аймақта тұрақтылықтың қамдалуы тұрғысынан да маңызды.
Түрік мәжілісінің төрағасы артынан Қазақстан Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов және Қырғызстан мәжіліс төрағасы Асылбек Жиенбековпен кездесті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар