Алиев Афиныда Венизолоспен кездесті

Әзірбайжан президенті Илхам Алиев Грекияға ресми сапармен барды.

97297
Алиев Афиныда Венизолоспен кездесті

Әзірбайжан президенті Илхам Алиев Грекияға ресми сапармен барды, осында сыртқы істер министрі Эвангелос Венизолоспен кездесті.
Екі жақты кездесуден кейін баспасөзге мәлімет берген Венизолос Әзірбайжанның аймақта тұрақтылықтың белгісі және Еуропа құрлығына энергия қамдаған ел екенін білдірді. Екі елдің сыртқы саясатта да әрі Еуроодақ, әрі Еуропа-Атлант тақырыптарында ықпалдастықтан жақсы нәтиже алатынын айтты.
Еуроодақтың шығыс пен батысындағы шайқалған аймақта тұрақтылықтың белгісі болған Әзірбайжанмен стратегиялық серіктестік қатынастарының маңыздылығына тоқталған грек лауазымды Грекияның да дағдарыстан шыққанын алға тартып, Әзірбайжанның Грекияның экономикасының өркендеуі үшін инвестиция салуға дайын екенін айтты.
Кездесуде сонымен бірге Әзірбайжан табиғи газының Грекия арқылы Еуропа тасымалданатын ТАП құбыр желісінің жұмыстары және Грекия мемлекеттік табиғи газ тарату компаниясы DESFA–ның Әзірбайжанның SOCAR компаниясымен ынтымақтастық тақырыптары да қолға алынды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар