ЕҚЫҰ-ның 23-ші жазғы отырысы Бакуде

28 маусым күні басталған жиналыстың негізгі тақырыбы – Украина дағдарысы.

115050
ЕҚЫҰ-ның 23-ші жазғы отырысы Бакуде

Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жазғы отырысы жалғасуда
ЕҚЫҰ-ның 23-ші жазғы отырысы Бакуде өтіп жатыр.
28 маусым күні басталған жиналыстың негізгі тақырыбы – Украина дағдарысы.


Украина дағдарысының шешілуі үшін Баку тобы қалыптастырылды. Әртүрлі елдердің өкілдері қатысатын топ дағдарыстың шешілуі және бейбітшілік келіссөзінің жүзеге асуы үшін жұмыстанады.


Жиналыстың төртінші күні ұйымның кейбір міндеттері үшін сайлау өткізілді. Сайлауда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясы Түрік тобы төрағасы Емин Өнен мен Парламенттік ассамблея Адам құқықтары, демократия және гуманитарлық мәселелер комитетінің төрағасының орынбасары Шефки Кулкулоғлу осы міндеттеріне қайтадан сайланды.


Бүгін аяқталатын жазғы отырыстарда еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясының төрағасы да сайланады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар