ЕҚЫҰ ПА-ға жаңа басшы

Басшылыққа Финляндиядан Илкка Каневра лайықты деп табылды.

115369
ЕҚЫҰ ПА-ға жаңа басшы

Әзірбайжанда болған Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік ассамблеясы отырысы аяқталды.


Отырыстың соңғы жиынында Парламенттік ассамблеяға жаңа төраға сайланды. Басшылыққа Финляндия делегациясының төрағасы Илкка Каневра лайықты деп табылды.


Жиналыста Баку Декларациясы да қабылданды. 140 баптық құжатта Украина дағдарысына кең орын берілді. Декларацияда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Украинаның территория тұтастығына қолдау беретіні атап көрсетілді.


Сонымен бірге «Ресей Федерациясының Хельсинки принциптерін бұзушылығы» атты шешім жобасы да қабылданды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар