Таулы Карабах мәселесі қаралды

Бас қосуда басшылар үкіметтер деңгейінде келісімді жалғастыруға шешім берді.

87018
Таулы Карабах мәселесі қаралды

Ресей президенті Владимир Путин Таулы Карабах мәселесі аясында Әзірбайжан және Армения басшыларымен бас қосты.


Бас қосуда басшылар үкіметтер деңгейінде келісімді жалғастыруға шешім берді.


Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтқанына қарағанда, Әзірбайжан президенті Илхам Алиев пен Армения президенті Серж Саркисиан мәселенің бейбіт жолмен шешілуіне ниет еткендерін білдірді.


Лавров кездесудің екі жақ үшін де пайдалы өткенін айты. «Алайда ең маңызды мәселелер әлі шешілмеді» деді ол.


Путин де «Игі ниетпен барлық проблема шешіледі. Екі ел халқында да осындай игі ниет бар» деді.


Әзірбайжан президенті Алиев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің армяндар басып алған Әзірбайжан жерінен кетуі тақырыбында қазірге дейін 4 шешім шыққанына назар аударып, «өкінішке орай, бұл қарарлар әлі жүзеге аспады» деді.


Армяндар Таулы Карабах шекарасынан басып өтіп, 10 күн бұрын басталған қақтығысты Әзірбайжанның 18 әскері опат болып, армяндардың да бес әскері қаза тапты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар