Әзірбайжанда әскери жаттығу басталды

Әуе күштері және зымыран қорғаныс жасақтары қатысқан әскери жаттығуға Қорғаныс министрі Закир Хасанов басшылық жасауда.

91275
Әзірбайжанда әскери жаттығу басталды

Әзірбайжан мен Армения майдан желісінде қару дауыстары толастамайды.


Соңғы екі аптада Әзірбайжанның 18 сарбазы опат болды.


Міне, осындай атмосферада Әзірбайжан армиясы оқу-жаттығу бастады.


Әуе күштері және зымыран қорғаныс жасақтары қатысқан әскери жаттығуға Қорғаныс министрі Закир Хасанов басшылық жасауда.


Қорғаныс министрлігінің жаттығуға байланысты хабарламасында, оқу-жаттығудың негізгі мақсатының әскери жасақтардың соғысқа дайындық деңгейін бақылау және болуы мүмкін әуе шабуылдарының алдын алу екені айтылды.


Жаттығудың қашанға дейін жалғасатыны туралы мәлімет берілмеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар