Джеват Хейет жерленді

Түрколог ғалым Әзірбайжан Ғылымдар академиясындағы рәсімнен кейін Баку мемлекеттік қабірстанына жерленді.

92341
Джеват Хейет жерленді

12 тамыз күні дүниеден озған әзірбайжандық ойшыл Джеват Хейет жерленді.


Түрколог ғалым Әзірбайжан Ғылымдар академиясындағы рәсімнен кейін Баку мемлекеттік қабірстанына жерленді.


Жаназа рәсіміне түркі әлемінің ғалымдары, ақындар, депутаттар мен әзірбайжандық азаматтар қатысты.


Негізгі мамандығы дәрігер болып табылатын Джеват Хейет Халықаралық хирургтер қоғамының атқару комитеті және Париж халықаралық хирургтер академиясының мүшесі болатын.

Ол Түркия, Әзірбайжан және Иранда түрік тілі мен мәдениеті саласына маңызды үлес қосты.


Джеват Хейеттің бесеуі түрікше, екеуі парсыша басылған 7 томдық Түркология кітабы жарияланды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар