Түркия-Әзірбайжан-Грузия Қорғаныс министрлері жиналысы

Жиналыс Нахчыванда болды.

95921
Түркия-Әзірбайжан-Грузия Қорғаныс министрлері жиналысы

Түркия-Әзірбайжан-Грузия Қорғаныс министрлері жиналысы Нахчыванда болды.


Нахчыван армиясының штаб-пәтерінде өткен жиналысқа Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Исмет Йылмаз, Әзірбайжан Қорғаныс министрі Закир Хасанов пен Грузия Қорғаныс министрі Ираки Аласания қатысты.


Алдымен министрлер бас қосты, артынан делегация аралық кездесулер өтті.


Артынан министрлер баспасөзге мәлімет берді.


Түркия Қорғаныс министрі Йылмаз Кавказда бейбітшіліктің орнауы және түбегейлі болуы үшін үш елдің бірігіп қозғалатынын айтты. «Түркия ретінде Әзірбайжан мен Грузияның территория тұтастығына қолдау береміз» деді ол.


Түрік министр Карабах мәселесінің де территория тұтастығы аясында бейбіт жолмен шешілетінін айтты.


Жиналыс аясында соңғы жылдары жүзеге асырылған алып энергия және қатынас жобалары да қолға алынды. Министр Йылмаз кейбіреулер үшін қиял секілді көрінген Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыр желісі мен Баку-Тбилиси-Эрзурум табиғи газ құбыр желісі жобаларының аяқталғанын, Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі мен Баку-Тбилиси-Карс темір жолы жобасының да жақында тамамдалатынын айтты.


Жиналыста осы жобалардың қауіпсіздігі де сөз болды.


Министрлер алты айда бір министрлердің қатысуымен жиналыс өткізіліп тұруына келісті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар