Суданда Хожалы қырғыны «геноцид» ретінде қабылданды

Бұл туралы Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігінен Хикмет Хаджиев мәлім етті.

118431
Суданда Хожалы қырғыны «геноцид» ретінде қабылданды

Әзірбайжандық дипломат Судан Республикасы парламенті сыртқы байланыстар комитетінде 192 жылғы Қарабахтың Хожалы қалашығында болған оқиғаларға байланысты шешім қабылданғанын айтты.

Хаджиев комитет қарарында Хожалыда болған оқиғалардың «адамдық қылмысы» түрінде аталып, «геноцид» деп танынғанын білдірді.


1992 жылғы 25 ақпан күні Хожалы қалашығына кірген армяндар Кеңес Одағының 366-шы сауытты полкының көліктерін қолданып, қаланы екі сағат бойы атқылады. Халық жанын аман алып қалу үшін таулы және орманды алаңдарға қашты. Армяндар қаланың тысында да қарусыз халықты қуалап жүріп өлтірді. Шабуылдан бір күннен кейін естен кетпес Хожалы қырғыны ортаға шықты.


Ресми деректерге қарағанда, Хожалы қырғынында 106 әйел, 83 бала, барлығы 613 әзірбайжандық қарусыз азамат қаза болды. Қырғыннан 487 адам ауыр жаралы күйде шықты. Армян күштері 1275 адамды тұтқынға алды. Бұлардың 150-інен әлі хабар-ошар жоқ.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар