Яшар Гүлер Әзербайжан қорғаныс министрін құттықтады

Яшар Гүлер Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасановпен телефон арқылы сөйлесті.

2040521
Яшар Гүлер Әзербайжан қорғаныс министрін құттықтады

Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Әзербайжан қорғаныс министрі Закир Хасановты Әзербайжан армиясының Қарабахтағы лаңкестікпен күрес операциясындағы табыстарымен  құттықтады.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасановпен телефон арқылы сөйлесті.

Әріптесі Гасановты операцияның сәтті аяқталуымен құттықтаған Гүлер Түркияның бүгін де әрқашан болғандай Әзербайжанның жанында екенін білдірді.

Гүлер операцияда шәйіт болған сарбаздар үшін көңіл айтып, жаралы сарбаздардың сауығып кетуін тіледі.

Сондай-ақ министрлер түрлі мәселелер бойынша пікір алмасты.



Ұқсас жаңалықтар