Қарабахта заңсыз армян күштеріне тиесілі оқ-дәрі қоймасы табылды

Қарабахтың Козлукөпрү ауылында заңсыз армян күштеріне тиесілі оқ-дәрі қоймасы табылды.

2040828
Қарабахта заңсыз армян күштеріне тиесілі оқ-дәрі қоймасы табылды

Әзербайжан армиясының Қарабахтағы лаңкестікпен күрес операциясы кезінде бақылауға алынған Козлукөпрү ауылында заңсыз армян күштеріне тиесілі оқ-дәрі қоймасы табылды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Козлукөпрү ауылындағы ферма ғимараттарының бірінде оқ-дәрі қоймасының анықталғаны хабарланды.

Зымыран, артиллериялық снарядтар, миналар мен әртүрлі калибрлі оқтар сақталған қойманың көптен бері пайдаланылғаны және оқ-дәрілердің қоймаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілгені атап өтілді.

Әзербайжан армиясы конституциялық тәртіп орнату үшін 19 қыркүйекте Қарабахта лаңкестікке қарсы операция бастаған еді.

Қарабахтағы заңсыз армян қарулы күштері 24 сағатқа созылған операциядан кейін қаруларын тастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар