Брюссельде Әзербайжан мен Армения арасында кездесу болады

Кездесуде 5 қазанда өтетін кездесуге дайындық барысы талқыланады.

2041599
Брюссельде Әзербайжан мен Армения арасында кездесу болады

26 қыркүйек күні Бельгияның астанасы Брюссельде Әзербайжан мен Армения арасында кездесу болады.

Кездесу Әзербайжан президентінің кеңесшісі Хикмет Хажиев пен Армения Қауіпсіздік кеңесінің бас хатшысы Армен Григорянның қатысуымен өтеді.

Арменияның ресми ақпарат агенттігі Арменпресстің Армения Қауіпсіздік кеңесінің бас хатшылығына негізделген хабарына қарағанда, Хажиев пен Григорян арасындағы 26 қыркүйекте Брюссельде өтетін кездесуге Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Олаф Шольц, Еуропа Одағы (ЕО) Кеңесінің төрағасы Чарльз Мишельдің кеңесшілері де қатысады.

Кездесуде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинянның Испанияның Гранада қаласында 5 қазанда өтетін кездесуіне дайындық барысы талқыланады.

Әлиев, Пашинян және Мишель 14 мамырда Брюссельде үшжақты кездесуде кездесіп, 1 маусымда болса Молдовада өткен Еуропалық саяси қоғамдастық (АСТ) саммиті аясында Франция президенті Макрон мен Германия канцлері Шольцтың қатысуымен бесжақты кездесуде бас қосқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар