Қарабахтағы армяндардың интеграция процесіне шоғырланды

Аймақтағы армяндар үшін көмек жіберіліп жатыр.

2041913
Қарабахтағы армяндардың интеграция процесіне шоғырланды

Әзербайжан атысты тоқтату келісімімен аяқталған антитеррорлық операциядан кейін Қарабахтағы армяндардың интеграция процесіне шоғырланды.

Аймақтағы армяндар үшін Агдам-Ханкенди және Лачын-Ханкенди маршруттарынан көмек жіберіліп жатыр.

Армян өкілдердің сұранысы бойынша аймаққа жолданған жағармай көліктері Ханкендиге барып жетті.

Ханкенди қаласы Арменияның энергия жүйесінен бөлініп,  Әзербайжанның энергия жүйесіне қосылды.

Ханкендиге 70 тонналық гуманитарлық көмек те жіберілді.

Қарабахтағы Ресей бітімгершілік күші Әзербайжандықтардың Қарабахтағы армян тұрғындарға ешбір қысым көрсетпегенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар