Шуша - 2024 Ислам әлемі мәдени астанасы

Шуша 2023 жылы Түрік әлемінің мәдени астанасы болып жарияланған еді.

2042011
Шуша -  2024 Ислам әлемі мәдени астанасы

Әзербайжан Мәдениет министрлігі Қарабахтың символикалық қаласы Шушаның 2024 Ислам әлемі мәдени астанасы ретінде сайланғанын хабарлады.

Министрлік Мәдениет министрі Адил Керимлинің Катардың бас қаласы Дохада ұйымдастырылған Ислам әлемі мәдениет министрлері 12-ші конференциясына қатысып, Ислам білім, ғылым және мәдениет ұйымы ISESCO-ның Ислам әлемі мәдени астанасы бағдарламасына 2024 жыл үшін Шушаның кандидатурасын қойғанын білдірді.

Керимлинің ұсынысы қабылданып, Шушаның 2024 жыл үшін Ислам әлемі мәдени астанасы ретінде жарияланғаны атап көрсетілді.

Шуша 2023 жылы Түрік әлемінің мәдени астанасы болып жарияланған еді.



Ұқсас жаңалықтар