Антитеррорлық операцияда 192 шейіт
Әзербайжан Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Әзербайжан армиясының Қарабахтағы антитеррорлық операциясында 192 шейіт бергені хабарланды.
Әзербайжан Денсаулық сақтау министрлігі операцияда Қорғаныс министрлігінен 180, Ішкі істер министрлігінен 12 қызметкердің шейіт болғанын, 511 әскердің жарақат алғанын білдірді.
Операция барысында айырықша Армения армиясының оғынан 1 қарапайым азамат қаза тапты. Бір азамат жарақат алды.
Әзербайжан армиясы 19 қыркүйек күні Қарабахта атазаңдық тәртіпті орнату мақсатымен антитеррорлық операция жүргізген болатын. Қарабахтағы заңсыз армян қарулы күштері шамамен 24 сағаттық операциядан кейін қаруларын тастады.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.