Губа - ТМҰ елдерінің ауыл шаруашылық астанасы

Бакуде ТМҰ Ауыл шаруашылығына жауапты министрлерінің 2-ші отырысы өтті.

2042739
Губа - ТМҰ елдерінің ауыл шаруашылық астанасы

Әзербайжанның астанасы Бакуде өткен Түрік мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Ауыл шаруашылығына жауапты министрлерінің 2-ші отырысында елдің Губа қаласы «Түрік і Мемлекеттері Ұйымының ауыл шаруашылығы астанасы» болып жарияланды.

Әзербайжан Ауыл шаруашылығы министрі Межнун Мамедов ұйымдастырған жиынға ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өмүралиев, ТР Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі Ибрахим Юмаклы, Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрі Азиз Воитов, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Ауыл шаруашылығы және табиғи ресурстар министрі Хусейн Чавуш, Қырғызстаннан Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Мұрат Раматов пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілқайыр Тамабек қатысты.

Министрлер кездесуден кейін мәлімдемеге қол қойып, баспасөзге мәлімдеме жасады.

Әзербайжанның Ауыл шаруашылығы министрі Мамедов «Әзербайжан тарапы ретінде біз мүше елдерге түрік мемлекеттерінің бірыңғай цифрлық ауылшаруашылық деректер платформасын құру және ТМҰ брендімен ауылшаруашылық және азық-түлік өнімдерін бірлесіп өндіру сияқты идеяларымыз бен ұсыныстарымызды ұсындық, нәтижеде біз осы бағыта жұмыстану үшін  келісімге келдік.

Біз сондай-ақ ТМҰ елдерінде ауыл шаруашылығы астанасы бағдарламасын енгізуді ұсындық. Кезектесу арқылы жыл сайын бір қала ТМҰ ауыл шаруашылығы астанасы болып жарияланады. Осы жиында біз Әзербайжанның Губа қаласын ТМҰ ауыл шаруашылығы астанасы деп жарияладық» деді.

Министр Юмаклы баспасөз мәслихатында жасаған мәлімдемесінде тұрақты ауыл шаруашылығы, өзін-өзі қамтамасыз ету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат ету мәселелерін талқылағандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар