Байрамов Лавровпен сөйлесті

Министрлер Қарабахтағы жағдайды талқылады.

2043284
Байрамов  Лавровпен сөйлесті

Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қарабахтағы жағдайды талқылады.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Байрамов пен Лавров телефон арқылы сөйлесті.

Министрлер Әзербайжан мен Ресей арасындағы ағымдағы ынтымақтастық күн тәртібін, Әзербайжан мен Армения арасындағы қалыпқа келу үдерісін және аймақтағы жағдайды талқылады.

Байрамов Әзербайжан үкіметінің Қарабах аймағында тұратын армян тұрғындардың қайта интеграциясы туралы диалогқа табандылығын қуаттап, армян халқының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кешенді шаралар қабылданатынын атап өтті.

Байрамов Қарабахтағы заңсың режимнің жойылуы, армян қарулы күштерінің қарусыздануы және Әзербайжаннан кетуі үшін талпыныстардың жалғасып жатқанын білдіріп, Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік процесінің ілгерілеуін қолдайтындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар