Ильхам Әлиев АҚШ өкілдерін қабылдады

Кездесуде Әзербайжанның Қарабах аймағында лаңкестікке қарсы жүргізілген операция нәтижесінде қалыптасқан қазіргі жағдай туралы пікір алмасылды.

2043377
Ильхам Әлиев АҚШ өкілдерін қабылдады

Әзербайжан президенті Илmхам Әлиев елінің Қарабах аймағында тұратын армян тұрғындарының құқықтарының мемлекеттік заң және халықаралық міндеттемелері аясында қорғалатынын айтты.

Әзербайжан президенттігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Әлиев ресми сапармен бас қала Бакуге келген АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) төрағасы Саманта Пауэр, АҚШ Мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері жөніндегі орынбасары Юрий Ким және АҚШ Мемлекеттік департаментінің Кавказ істері жөніндегі бас кеңесшісі Луис Бононы қабылдады.

Кездесу барысында Әзербайжанның Қарабах аймағында лаңкестікке қарсы жүргізілген операция нәтижесінде қалыптасқан қазіргі жағдай туралы пікір алмасылды.

Әлиев заңсыз армян күштерінің қолынан жүздеген әскери техника, қару-жарақ және оқ-дәрі тәркіленгенін түсіндірді. Әлиев Әзербайжандағы шетелдік өкілдері мен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Тұрақты үйлестіру кеңсесі өкілінің тәркіленген қаруларды орнында тексергенін білдірді.

Заңсыз армян қарулы күштерінің қарусыздандырылып, Әзербайжан жерінен шығарылғанын айтқан Әлиев операцияда тек әскери нысандардың нысанаға алынғанын, бейбіт тұрғындардың зардап шекпегенін білдірді.

Кездесу барысында аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және армян халқымен диалог орнатудың маңыздылығы да айтылды.



Ұқсас жаңалықтар