Ильхам Әлиев пен Олаф Шольц телефон арқылы сөйлесті

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Германия премьер-министрі Олаф Шольц телефон арқылы сөйлесті.

2046714
Ильхам Әлиев пен Олаф Шольц телефон арқылы сөйлесті

Әзербайжан президенттігінің мәлімдемесіне қарағанда Германия канцлері Шольц президент Әлиевке телефон соғып, аймақтық мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Шольц Германия ретінде аймақтағы елдердің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдайтынын мәлімдеді.

Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Чарльз Мишель жүргізген Брюссель процесін де қолдайтынын білдірген Шольц, Біріккен Ұлттар Ұйымы миссиясының аймаққа жасаған сапарын оң деп тапқандарын атап өтті.

Президент Әлиев болса, Әзербайжанның аймақтық бейбітшілік күн тәртібіне адалдығын білдіріп, Брюссель процесін қолдайтындарын баса айтты.

Орталық үкіметтің Қарабахтың армян тұрғындарына көрсеткен гуманитарлық көмегіне назар аударған Әлиев бұл тұрғындарға көші-қон және әлеуметтік қамсыздандыру салаларында жергілікті жерде қызмет көрсетілгенін, тиісті тіркеу процестері басталғанын және осы мақсатта жеке интернет порталы ашылғанын айтты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы миссиясының аймаққа сапарына тоқталған Әлиев миссияның бейбіт тұрғындар және азаматтық инфрақұрылымға ешқандай зиян келмегені туралы мәлімдеме жасағанын еске салды.



Ұқсас жаңалықтар