Қарабахта соңғы жағдай

Қарабах аймағындағы барлық тарихи және мәдени ескерткіштерді полиция қорғайды.

2047130
Қарабахта соңғы жағдай

Әзербайжан Қарабах аймағындағы барлық тарихи және мәдени ескерткіштердің полиция қорғауында екенін жариялады.

Әзербайжан Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Қарабах аймағына кіретін барлық елді мекендердегі діни және мәдени ескерткіштердің қауіпсіздігі мен қорғалуын полиция топтары қамтамасыз ететіні атап өтілді.

Мәлімдемеде Хожавент облысының Жүтжү ауылындағы Амарас монастырының, Калбажар облысының Венгли ауылындағы Генжесер монастырының, Ханкенди қаласындағы собор мен шіркеудің де қорғауға алынғаны атап өтілді.

Басқа жақтан Қарабахтағы ресейлік бітімгершілік күштерінің Аскеран, Агдере және Шуша облыстарындағы бақылау нүктелерін алып тастағаны хабарланды.

Ресей Қорғаныс министрлігі Ресей бітімгершілік күштерінің Қарабахтағы әрекеттеріне байланысты жазбаша мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Аскеран, Агдере және Шуша облыстарындағы уақытша бақылау нүктелерінің таратылғаны айтылды.

Мәлімдемеде ресейлік бітімгерлердің Қарабахтағы міндеттерін атқарып жатқаны еске салынды.

Мәлемдемеде «Соғыс қимылдарын тоқтату туралы қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, Қарабахтағы қарулы құрамалардың (заңсыз армян күштері) қоймаларындағы қару-жарақ, әскери техника,  қару мен оқ-дәрілерді санау жалғасуда. 5 қазандағы дерек бойынша 84 броньды техника, 121 техника, 121 әуе қорғанысы техникасы, 96 «далалық артиллерия, көп ұңғылы зымырандар мен минометтер, 1 ұшқышсыз ұшу аппараты, 7 мыңнан астам атқыштар мен танкіге қарсы қарулар және шамамен 58,5 миллион оқ саналды” деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар