Әлиевтен Францияға наразылық

Әлиев Францияның 1,5 миллион алжирлік азаматты мұсылман болғандары үшін жойып жібергенін айтты.

2050037
Әлиевтен Францияға наразылық

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Францияның 1,5 миллион алжирлік азаматты мұсылман болғандары үшін жойып жібергенін айтты.

Ильхам Әлиев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің ақпарат және ұлттық қауіпсіздіктеріне жауапты мекемелерінің басшыларын қабылдады.  Қабылдауда Әлиев батыста кейбір елдердің өз жерін азат еткен Әзербайжанды «оккупант», Әзербайжан жерін жылдар бойы басып алған Арменияны болса «құрбан» қылып көрсетуге тырысқанын айтты.  Ол солардың басында Франция келетінін білдірді.

Франция президентінің Әзербайжанның халықаралық құқықты бұзғаны жөніндегі айыптауларын «күлкілі» деп сипаттаған Әлиев былай деді: «Франция 1,5 миллион алжирлік азаматты мұсылман болғаны үшін жойып жіберді.  Бұл – қырғын.  Францияның Африкада және әлемнің басқа да жерлерінде қанды адам өлтірушіліктерін айтпағанның өзінде.  Францияның бүгінгі күні де отар елдері бар. Кейбір Африка елдері әлі құртыла алмай отырған Франция бізді айыптайды».

Әлиев кейбір елдердің Әзербайжан мен Армения арасында араағайын болғысы келді. «Жаман пиғылы жоқ елдерді араағайын ретінде қабылдаймыз. Бірақ барлық дипломатиялық ережелерді бұзатын, балағат сөз айтып, арандатышулық жасайтын Францияның дәнекер болуы ақылға қонбайды.  Бізге бұндай араағайын керек емес» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар