Бауырлас екі ел арасында үлкен ынтымақтастық

Әзербайжан Энергетика министрі Первиз Шахбазов мәлімет берді.

2052046
Бауырлас екі ел арасында үлкен ынтымақтастық

Әзербайжан Энергетика министрі Первиз Шахбазов Түркия мен Әзербайжан арасындағы табиғи газдан мұнайға дейін көптеген салада ынтымақтастықтың жалғасқанын білдірді. «Болашақта екі бауырлас ел арасында үлкен ынтымақтастық болады деп сенемін» деді ол.

Шахбазов Ресейдің астанасы Мәскеуде өткен Ресей энергия апталығы аясында Түркия мен Әзербайжанның энергетика саласындағы ынтымақтастығы туралы айтты. Екі елдің әртүрлі салаларда ынтымақтастығына назар аударған Шахбазов "Түркия мен Әзербайжан -бауырлас елдер. Барлық салада кең ауқымды ынтымақтастық бар. Сондай-ақ энергетика саласында да үлкен ынтымақтастық бар" деді.

Ығдырдан Әзербайжанның Нахчыван Автономиялық Республикасына табиғи газды жеткізуді жоспарлаған құбыр желісінің іргетасының жуырда қаланғанын еске салған Шахбазов «Бірнеше күн бұрын Нахчыванда президенттердің қатысуымен Түркиядан Нахчыванға тартылатын газ құбырының іргетасы қаланды» деді.

Шахбазов Түркия мен Нахчыван арасында электр қуатына байланысты ынтымақтастыққа қол қойылғанына назар аударып, бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын айтты. «Әзербайжан мен Түркия арасында мұнай, газ, мұнай-химия және жаңартылатын энергия салаларында үлкен ынтымақтастық бар және болашақта бұл ынтымақтастықты міндетті түрде дамытамыз деп үміттенемін» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар