Ильхам Әлиев Яшар Гүлерді қабылдады

Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер «Мұстафа Кемал Ататүрік 2023» бірлескен оқу-жаттығуы аясында Бакуде болды.

2055329
Ильхам Әлиев Яшар Гүлерді қабылдады

Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлерді Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қабылдады.

Әзербайжан Президенттік аппаратынан жасалған мәлімдемеде Түркия мен Әзербайжан қарулы күштері ұйымдастырған «Мұстафа Кемал Ататүрік 2023» бірлескен оқу-жаттығуының «Құрметті бақылаушы күні» шарасына қатысу үшін Бакуге барған Гүлердің Әлиев тарапынан қабылданғаны хабарланды.

Мәлімдемеде Түркия мен Әзербайжан арасындағы достық пен бауырластық қарым-қатынастардың барлық салада болғанындай әскери салада да сәтті дамығаны атап өтілді.

Кездесу барысында Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай өткізілген «Мұстафа Кемал Ататүрік 2023» бірлескен оқу-жаттығуына қатысқан қызметкерлердің көрсеткен жоғары кәсібилігі мен шеберлігі қанағаттанарлықтай екені айтылып, мемлекет басшылары арасындағы тұрақты байланыстардың қарым-қатынастарды дамытудағы  рөліне назар аударылды.

Әзербайжанның қыркүйек айында Қарабахтағы лаңкестікпен күрес операциясы да қозғалған кездесуде Түркия мен Әзербайжан арасындағы әскери қарым-қатынастар туралы пікір алмасылды.



Ұқсас жаңалықтар