Шекара айқындау комитеттері бас қосады

Бадалян Армения мен Әзербайжан арасында шекара комитеттерінің бас қосуы жөнінде келісімге келінгенін айтты.

2068066
Шекара айқындау комитеттері бас қосады

Армения мен Әзербайжан шекара айқындау комитеттері 30 қарашада екі ел арасындағы шекарада бас қосады.

Армения ресми ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ани Бадалян Армения мен Әзербайжан арасында шекара комитеттерінің бас қосуы жөнінде келісімге келінгенін айтты. Бадалян «Келісімге орай 30 қараша күні Армения мен Әзербайжан арасындағы мемлекеттік шекараларды анықтау және шекара қауіпсіздігі комитетінің кездесуі өтеді» деді.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі 21 қараша күні бейбітшілік келіссөзі үшін Арменияға шақыру тастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар