Әзербайжанда жер сілкінісі болды

Сағат 08.16-да болған жер сілкінісінің эпицентрі Каспий теңізі екені айтылды.

2073599
Әзербайжанда жер сілкінісі болды

Әзербайжанда 5,6 балдық жер сілкінісі болды.

Әзербайжан Сейсмологиялық қызмет орталығының мәлімдемесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 08.16-да болған жер сілкінісінің эпицентрі Каспий теңізі екені айтылды.

Мәлімдемеде магнитудасы 5,6 болған жер сілкінісі Апшерон түбегінен солтүстікке қарай 56 шақырым жерде 68 шақырым тереңдікте тіркелгені хабарланды.

Ел астанасы Бакуде де сезілген жер сілкінісінен кейін қандай да бір шығын немесе адам шығыны бар-жоғы туралы мәлімдеме жасалмады.



Ұқсас жаңалықтар