"Армениямен бейбітшілікке келуді мақсат етеміз"

Хикмет Хаджиев елінің Армениямен бейбітшілік келісіміне келуді мақсат еткенін айтты.

2084523
"Армениямен бейбітшілікке келуді мақсат етеміз"

Әзербайжан президентінің кеңесшісі Хикмет Хаджиев елінің Армениямен бейбітшілік келісіміне келуді мақсат еткенін айтты.

«Berliner» газетіне мәлімдеме жасаған Хаджиев Армениямен арадағы қарым-қатынастарда кейбір жағымды жаңалықтар болғанын білдірді. Ол Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян арасында екі апта бұрын болған диалогқа назар аударып, тұтқын алмасқандарын да еске салды.

 Хаджиев екі жақты келіссөздің шетелдік дәнекерлерсіз өткенін айтты.  Екі ел арасында Зенгезур дәлізі секілді талас болып отырған тақырыптар әлі де бар екенін білдірген Хикмет Хаджиев Армениямен бейбітшілік келісімге келуді мақсат еткендерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар