"Зенгезур ашылмаса, Армениямен шекара да ашылмайды"

Ильхам Әлиев маңызды мәселелер бойынша теледидарда сөз сөйледі.

2087289
"Зенгезур ашылмаса,  Армениямен шекара да ашылмайды"

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев елінің батыстағы аймақтарын Нахчыван Автономды Республикасымен байланыстыратын Зенгезур дәлізі ашылмайтын болса, Армениямен шекараны да ашпайтындарын білдірді.

Ильхам Әлиев маңызды мәселелер бойынша теледидарда сөз сөйледі.

Ол Әзербайжанның батыстағы аймақтарын Нахчыван Автономды Республикасымен байланыстыратын Зенгезур дәлізі туралы «Ең ыңғайлы жол – Армениядағы Мехри аймағынан өтетін маршрут. Теміржол да,  автожол да сол жерден өтуі керек. Әзербайжаннан Әзербайжанға азаматтар және жүктері ешбір жүктері тексерілмей өтуі қажет.  Әйтпесе Армения мәңгі тұйыққа тіреледі.  Сол маршрут ашылмайынша Армениямен де шекарамыз ашылмайды» деді.

«Армения бейбітшілік келісімі үшін кепілгер елдер болуы керек деп отыр» деген Әзербайжан Президенті «Біз бұл керек емес деп ойлаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар