Ұлттық Қорғаныс вице-министрі Түфекчи Әзербайжанда болды
Түфекчи Түркия мен Әзербайжан арасында ынтымақтастықтың арттырылуының маңызды екенін айтты.
Ұлттық Қорғаныс вице-министрі Джелал Сами Түфекчи Түркия мен Әзербайжан арасында сенім мен қолдауға сүйенетін ынтымақтастықтың арттырылуының маңызды екенін айтты.
Вице-министр Түфекчи Әзербайжанда Қорғаныс министрі Закир Хасановпен бас қосты. Бұл туралы Әзербайжан Қорғаныс министрлігі хабарлама жариялап, Түфекчиның Түркияның кейбір қорғаныс өнеркәсібі компаниясының басшыларымен бірге Хасановпен кездескенін білдірді.
Кездесуде Түркияның Әзербайжандағы өкілетті елшісі Джахит Бағжы да орын алды. Әскери құрал-сайман, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы бірлескен жобалар қолға алынды.
Екі ел арасындағы стратегиялық одақтың достық пен бауырластыққа сүйенгенін атап көрсеткен Әзербайжан Қорғаныс министрі әскери салада да қарым-қатынастың жүйелі түрде жетілгенін айтты.
Ұлттық Қорғаныс вице-министр Джелал Сами Түфекчи Түркия мен Әзербайжан арасында сенім мен қолдауға сүйенетін ынтымақтастықтың арттырылуының маңызды екенін атап көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.