Танымал кинорежиссер Расим Ожаговты еске алу шарасы өтті

Іс-шара Ожаговтың өмірі мен кино өнері туралы фотосуреттерден тұратын көрменің ашылуымен басталды.

2092440
Танымал кинорежиссер Расим Ожаговты  еске алу шарасы өтті

Әзербайжанның танымал кинорежиссері Расим Ожаговтың туғанына 90 жыл толуына орай Анкарада еске алу шарасы өтті.

Анкара Ұлттық кітапханасында өткен шараға Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (Түріксой) бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф, Мәдениет және туризм министрлігі кітапханалар мен басылымдар бас директоры Танер Бейоғлу және Расим Ожаговтың қызы Кемале Ожагова қатысты.

Іс-шара Ұлттық кітапхананың көрме залында Расим Ожаговтың өмірі мен кино өнері туралы фотосуреттерден тұратын көрменің ашылуымен басталды.

Юсуф осында сөйлеген сөзінде түрік әлемінде атақ-даңқы шекара асқан суретшілер, жазушылар, кинорежиссерлер, театр әртістері мен режиссерлердің болуы өздері үшін мақтаныш екеніне тоқталып, түрік географиясының өте бай және қуатты екенін атап өтті. Юсуф осы маңызды мәдени байлықты бүкіл әлемге таныту мақсатында құрылған Түріксой ұйымының осы бағыттағы қызметін жалғастырып жатқанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар