Әзербайжанда ертең президенттік сайлау өтеді

Президенттік сайлауда 6,5 миллионға жуық сайлаушы дауыс береді.

2098353
Әзербайжанда ертең президенттік сайлау өтеді

Әзербайжан халқы ертең президенттік сайлау үшін дауыс береді.

Әзербайжанды 7 жыл басқаратын президенттік сайлауда 7 кандидат жарысады.

Әзербайжан Орталық сайлау комитеті президент сайлауы үшін ел көлемі мен шетелде 6 мың 537 сайлау жәшігі құрды.

Соңғы мәліметтер бойынша елде 6,5 миллионға жуық сайлаушы тіркелген.

Шетелде тұратын Әзербайжан азаматтары өздері тұратын елдердегі Әзербайжан елшіліктерінде құрылған жәшіктерде дауыс бере алады.

Сайлауды әртүрлі халықаралық ұйымдар мен елдерден 800-ге жуық шетелдік және 90 мың жергілікті байқаушы бақылайды.

Сайлауды жергілікті баспасөзден бөлек 200-ге жуық шетелдік журналист қадағалайды.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 08.00-де басталып, 19.00-де аяқталады.

Сайлауда Жаңа Әзербайжан партиясының кандидаты, қазіргі президент Ильхам Әлиев, Ұлттық майдан партиясының төрағасы Рази Нуруллаев, Ұлы құрылым партиясының төрағасы Фазыл Мұстафа, Үлкен Әзербайжан партиясының төрағасы Эльшад Мусаев, Бүкіл Әзербайжан халық майданы партиясының төрағасы Кудрет Хасангулиев және тәуелсіз кандидаттар Захид Оруч және Фуат Әлиев бәсекеге түседі.



Ұқсас жаңалықтар