Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік процесі
Әзербайжан Армениямен бейбітшілік үдерісіне адал екенін жариялады.
Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде шекарадағы соңғы шиеленістің Арменияның арандатуына жауап екені атап көрсетілді.
Мәлімдемеде «Әзербайжан бейбіт үдеріске адал және армян жағын осы бағыттағы күш-жігерге қауіп төндіретін әскери шиеленістерден аулақ болуға шақырады» делінді.
Кеше Кафан облысының Неркин-Анд ауылы бағытында армян позициялары Зенгилан облысының Коллукышлак ауылы бағытында Әзербайжан позицияларына оқ жаудырып, бір әзербайжан сарбазы жаралаған еді.
Армения Қорғаныс министрлігі оқиғада 4 сарбаздың қаза тапқанын жарияласа, Армения Сыртқы істер министрлігі Әзербайжанды шекарадағы шиеленісті ұлғайту үшін сылтау іздеді деп айыптады.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.