Қытайда 9 ұйғырға өлім жазасы берілді

Оларға террор оқиғаларына қатысты деген айып тағылуда

124615
Қытайда 9 ұйғырға өлім жазасы берілді

Қытайда 9 ұйғыр «террор мен күш қолдану оқиғаларына қатысты» деген айып тағылып өлім жазасына кесілді.
Қытай мемлекеттік телеарнасы Шыңжан автономиялық аймағында 6 сотта «террор мен күш қолдану» қылмыстары аясында үстерінен іс қозғалған 81 адамның 9-ына өлім жазасы берілгенін мәлімдеді.
Сотта айыпталушыларға тиесілі екені айтылған қылыштар дәлел ретінде көрсетілді.
Басқа айыпталушылар да түрлі жазалар алды.
Адам құқығы жақтаушылары соттың жүргізілу тәсілдері мен дәлелдерге күмән келтіріп отыр.
Ұйғырлар 2000 жылдан бері Шығыс Түркістан деп аталатын аймақтың 1955-жылы Қытай билігіне өтуінен кейін жүйелі түрлі қырғынға ұшырап, қысым көріп отырғандарын білдіреді.
Сонымен қатар ұйғырлар Қытай жауапты орындарының аймақтың атын Шыңжан автономиялық аймағы деп өзгерткенін және аймақтың этникалық құрылымын зорлап өзгертуге күш жігер салып жатқанын, Ислам символдары мен ғибадаттарға тиым салынғанын айтып отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар