Блинкен Наурыз мерекесімен құттықтады

АҚШ Мемлекеттік департаменті Наурыз мерекесімен ресми түрде құттықтады.

2118806
Блинкен Наурыз мерекесімен құттықтады

«АҚШ Мемлекеттік департаменті Азия мен Таяу Шығыстың барша халқын Наурыз мерекесімен ресми түрде құттықтайды», деп хабарлайды АҚШ Мемлекеттік департаменті.

Этнони Блинкен «Мемлекеттік департамент атынан осы көне дәстүрді және көктемнің келуін тойлайтындардың барлығын Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Ғасырлар бойы дүние жүзіндегі қауымдастықтар, соның ішінде Иран мен Таяу Шығыста, Орталық және Оңтүстік Азияда, Еуропада және одан тыс жерлерде табиғаттың жаңаруы мен жаңа жылдың келуін тойлап келді” деді.

«Наурыз қарым-қатынастарды жаңартуға, нығметтерді бағалауға және болашақты құруға мүмкіндік береді. Өткен жыл туралы ой елегінен өткізе отырып, біз бұл жаңа жыл әлемге бейбітшілік, сондай-ақ денсаулық, гүлдену және қуаныш әкеледі деп үміттенеміз», - деді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдемесінде.



Ұқсас жаңалықтар