Тоқаев су тасқыны жайлы мәлімдеме жасады

Тоқаев  «Азаматтар экономикалық әлеуеті жоғары және экологиялық жағдайы жақсы елді мекендерге көше алады» деді.

2132572
Тоқаев су тасқыны жайлы мәлімдеме жасады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев билікке су тасқынынан кейін жаңа тұрғын үй салуға, өтемақы төлеуге және инфрақұрылымды жөндеуге бес ай уақыт бар екенін айтты.

Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясына сөйлеген сөзінде «Біздің апатты ортақ жеңуіміз көпке созылмайды. Судың көп бөлігі тартылған соң, бұзылған аумақтарды қалпына келтіру жұмыстары басталады. Ең алдымен, азаматтарымыздың шығыны өтеледі, тұрғын үй құрылысы басталады, пәтерлер бөлінеді, қираған инфрақұрылымдар жөнделеді. Біз осы жан-жақты зерттеулерге қысқа уақыт бөлдік. Бірге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін» деді.

Қазақстан басшысы шығынға ұшыраған әрбір отбасы біржолғы жәрдемақы алатынын, келтірілген залал егжей-тегжейлі бағаланғаннан кейін бүлінген және қираған мүліктер үшін қосымша өтемақы төленетінін мәлімдеді.

Тоқаев сондай-ақ басталатын кешенді құрылыс жұмыстары азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер тудыратынын алға тартты Тоқаев  «Азаматтар экономикалық әлеуеті жоғары және экологиялық жағдайы жақсы елді мекендерге көше алады» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар