АҚШ-тағы түрік қауымы  бас қосты

АҚШ-тағы түрік қауымы месхет түріктерінің 79 жыл бұрын қуғындалғанын еске алу үшін бас қосты.

2063664
АҚШ-тағы түрік қауымы  бас қосты

Америка Құрама Штаттарындағы (АҚШ) түрік қауымы месхет түріктерінің 79 жыл бұрын қуғындалғанын еске алу үшін бас қосты.

Америкалық түрік қауымы 79 жыл бұрын месхетиялық түріктердің жер аударғанын еске алу үшін Мэриленд штатының Хагерстаун қаласындағы месхет түрік мәдениет орталығында бас қосты.

Бас қосудағы беташар сөзді Түркияның АҚШ-тағы елшісі Хасан Мұрат Мержан сөйледі.

Рәсімге Әзербайжан мен Өзбекстан елшілерінің орынбасарлары және Америка түрік қоғамының өкілдері де қатысты.

Дүниежүзілік месхет  түріктері одағының АҚШ өкілі Шухрат Теміров салтанатта сөйлеген сөзінде тарихты жаңа ұрпаққа жеткізу керектігін айтып,месхет түріктерінің  мұрасын қорғағаны үшін Түркияға ризашылықтарын білдірді.

Елші Хасан Мұрат Мержан Анадолының месхет  түріктерінің де отаны екенін еске салды.

Еске сала кетейік, месхет түріктері Кеңес Одағы кезінде Сталин тарапынан 1944 жылы 14 қарашада қуғындалған еді.

100 мыңға жуық месхет түрік көпшілігі жолда ауру мен аштықтан өлген болатын.

Осы таңда дүние жүзінде 600 мың месхет түріктері тұрады.

               



Ұқсас жаңалықтар