Эрсин Татар СКТР мен Түркияның күшті болуын тіледі

СКТР президенті Татар Анадолы агенттігіне 2023 жылы болған оқиғалар мен 2024 жылдан күткендерін айтты.

2082252
Эрсин Татар СКТР мен Түркияның күшті болуын тіледі

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар 2024 жылы Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасның бұдан да күшті болуын үміт еткендерін айтты.

СКТР президенті Татар Анадолы агенттігіне 2023 жылы болған оқиғалар мен 2024 жылдан күткендерін айтты.

Татар 6 ақпанда орталығы Кахраманмараш болған жер сілкіністерін және құрбан өжандарды ұмыту мүмкін емес екенін білдірді.

Эрсин Татар «Жер сілкінісінің ауыртпалығын әлі де жүрегімізде сақтаудамыз. Жер сілкінісі туған жеріміз Түркияда 50 мың адамның өмірін қиды. Ғасырдың, тіпті мыңжылдықтың апатын ұмыту мүмкін емес. Бұлар 2023 жылы бізге үлкен азап әкелді. Сондықтан басқа бақыттардың бәрі көлеңкеде қалды» деді.

Татар 2023 жылы Солтүстік Кипр Түрік  Республикасын тану іс-шараларының артқанына назар аударып, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстанға сапарларының маңызды екенін түсіндірді.

2024 жылдың Түркия, СКТР және «Көгілдір Отанның» болашаққа сенімді қадам басуы үшін жақсы жаңалық болатынын атап көрсеткен Татар: «2024 жылы Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының күшті болуын тілейміз» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар