Түрік мемлекеттерінің Бәсекелестік жөніндегі кеңесі құрылды

Түрік мемлекеттері Бәсекелестік жөніндегі кеңесінің құрылғаны жарияланды.

2092587
Түрік мемлекеттерінің Бәсекелестік жөніндегі кеңесі құрылды

Түрік мемлекеттерінің Бәсекелестік жөніндегі кеңесі мүше мемлекеттердің бәсекелестік органдарын біріктіру мақсатымен Түрік Мемлекеттері Ұйымы Бас хатшылығының (TМҰ) үйлестіруімен құрылды.

Стамбулда ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Мерей Мұқажан, Бәсекелестік агенттігінің президенті Бирол Күле, Бәсекелестік агенттігінің Сыртқы байланыстар және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Зейнеп Мадан және Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, СКТР және Венгрия бәсекелестік органдары делегацияларының қатысуымен кездесу өтті.

Жиналыста Кеңес қызметінің шеңберін анықтайтын процедуралар, қағидаттар мен жол картасы келісілді, одан кейін қол қою рәсімі мен баспасөз мәлімдемесі арқылы Түрік мемлекеттері Бәсекелестік жөніндегі кеңесінің құрылғаны жарияланды.

Бәсекелестік жөніндегі кеңесті алғашқы 3 жылда Түркия атынан Бәсекелестік кеңесі басқарады.  Түрік мемлекеттерінің Бәсекелестік кеңесінің келесі отырысы Әзербайжанның Шуша қаласында өткізіледі.

Түрік мемлекеттерінің Бәсекелестік кеңесі арқылы бір жағынан мүше елдер арасындағы ортақ тарихи, тілдік және мәдени мұра байланыстарын нығайту, екінші жағынан бәсекелестік заңын түсіну және шешу үшін бірлескен зерттеулер, сапарлар және оқу іс-шаралары жүзеге асырылады.



Ұқсас жаңалықтар