Орталық Азияда күшін арттырғысы келеді

Еуропа Орталық Азияда тұрақты транспорт желісіне қолдау және инвестиция үшін 10 миллиард евро уәде берді.

2094820
Орталық Азияда күшін арттырғысы келеді

Еуропа Одағы (ЕО) Еуропа және халықаралық қаржы ұйымдарының Орталық Азияда тұрақты транспорт желісіне қолдау және инвестиция үшін 10 миллиард евро уәде бергенін білдірді.

ЕО төраға орынбасары Валдис Домбровскис және ЕО сыртқы байланыстар жоғары комиссары Жозеп Боррель Брюссельде өткен Жаһандық инвестиция форумына қатысты. «ЕО Орталық Азиядағы елдер үшін мықты,  табанды және сенімді серік болуды жалғастырады» деген Домбровскис Орталық Азия елдерінің де ЕО-пен ынтымақтастықты нығайтқысы келетінін айтты.

Ол ұзын мерзімді мақсаттарының Еуропа мен Орталық Азияны 15 күн немесе одан да қысқа уақытта бір-бірімен байланыстыратын дәліз қалыптастыру екенін, бұл үшін Еуропа мен Орталық Азиядағы елдермен халықаралық қаржы ұйымдары,  арнайы инвесторлар және компаниялардың үйлесімді қозғалуының маңыздылығына назар аударды. «Халықаралық қоғамның Орталық Азияның тұрақты транспорт желісі үшін барлығы 10 миллиард евролық пакет ұсынуға уәде бергенін естірту – мен үшін қуаныш» деді ол.

Жозеп Боррель де ЕО-ның Ресейге  қарсы үлкен санкциялар жүзеге асырғанын еске салып,  «Санкциялардың ықпалды болуы үшін серіктерімізбен толық ынтымақтастық керек» деді.

«Серіктестігімізді экономикалық қауіпсіздігімізді арттыратындай түрде нығайтуымыз керек» деген Боррель экономика және қауіпсіздік тақырыптарының бір-біріне жақындай түсетінін атап көрсетті.

ЕО аталмыш форумды Орталық Азияда ықпалды Ресей және Қытай секілді елдерге бәсекелес болу үшін бір мүмкіндік деп санайды.



Ұқсас жаңалықтар