Бішкекте әскери тігін цехы ашылды

ТҮРКИЯ ҚАРУЛЫ КҮШТЕР БАС ШТАБЫНЫҢ БАСТЫҒЫ ӨЗЕЛ ҚЫРҒЫЗСТАНДА

61428
Бішкекте әскери тігін цехы ашылды

Бас штаб бастығы, армия генералы Неждет Өзел Қырғызстанда жиһаздары мен жабдықтары Түркия тарапынан қамдалған әскери тігін цехының беташарына қатысты.
Қырғызстанға екі күндік жұмыс сапармен барған генерал Өзел мен Қырғызстан Қорғаныс министрі генерал Әбибилла Құдайбердиевтің қатысуымен бас қала Бішкекте әскери тігін цехы ашылды.
Армия генералы Өзел рәсімдегі сөзінде заманауи қарулы күштер мен жақсы дайындалған әскерлердің бейбітшілік пен тұрақтылықтың да маңызды факторлары екенін айта келе «Мықты армия мықты Қырғызстан деген сөз» деді.
Қорғаныс министрі Құдайбердиев те Түрік қарулы күштерінің Қырғызстанға тұрақты рухани және материалдық қолдау беріп отырғанын айтты. Оның айтуынша ықпалдастық аясында бүгінге дейін Қырғызстан Түркиядан 12 миллион доллар мөлшерінде техникалық көмек алған.
Артынан түрік қолбасшы Қырғызстан елбасы Алмазбек Атамбаевпен бас қосты.
Баспасөзге жабық өткен кездесуде Қырғызстан мен Түркия арасындағы әскери-техникалық ықпалдастықтың жетілдірілуімен қоса, Бас штабтар арасында қатынастың нығайтылуы мәселесі де қаралды.
Осы арада Түркия Бас штабының бастығы Өзел мен жұбайы Камуран Өзел бас қала Бішкекке 20 шақырым жердегі Ата Бейіт комплексінде әлемге танымал қырғыз жазушы Шыңғыс Айтматовтың қабіріне барды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар