Қырғыз үкіметі Түркі Академиясына қатысты заң жобасын мақұлдады

Қырғыз Үкіметі «Түркі академиясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

82740
Қырғыз үкіметі Түркі Академиясына қатысты заң жобасын мақұлдады

Түркі Кеңесінің IV саммиті қарсаңында баспасөз орталықтарына ақжолтай хабар жетті. Қырғыз Үкіметі «Түркі академиясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды «АКИpress» ақпараттық агенттігі. Қырғыз Үкіметі құжатты Жогорку Кенеш қарауына жөнелтті. Аталған заң жобасы Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы мен Түркия үкіметтері арасында ратификациялануы тиіс болатын.
Естеріңізде болса, бұл құжатты Әзірбайжан мен Түркия республикалары мақұлдады. Кезек Қазақстан мен Қырғыз елінде болатын. Осылайша Түркі академиясы халықаралық мәртебе алып, түркі халықтарының бірегей ғылыми-зерттеу институтына айналуына аз ғана уақыт қалды.
Хабар Түркі академиясының баспасөз қызметінен алынды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар