Айтматовтың 8 томдық кітабы жарыққа шықты

Атақты қырғыз қаламгер Шыңғыс Айтматовтың қайтыс болғанына 6 жыл толғанда кітабы жарияланды.

96403
Айтматовтың 8 томдық кітабы жарыққа шықты

Алты жылдыққа орай Қырғызстанның елордасы Бішкекте түрлі іс-шаралар өткізілді. Отбасы, жақындары, қаламгер достары мен журналистер Айтматовты Атабейіт комплексінде еске алды.
Қабірі басына гүл шоқтары қойылып, жазушының шығармашылық өмірі, еңбегі мен адамгершілігі сөз болды. Еске алу шарасын ұйымдастырған Қырғызстан Ұлттық Ғылым академиясы төраға орынбасары Проф. Әбділжан Акматалиев жазушының туындыларының 8 томдық жинағын марқұмның жұбайы Мария Айтматоваға сыйға тартты.
Артынан Ресей мемлекеттік телеарнасы дайындаған деректі фильм көрсетілді.
Ұлттық ғылым академиясында Айтматовтың 8 томдық қырғыз және орыс тілдерінде жарық көрген кітаптары таныстырылды.
Акматалиев жазушы қайтыс болғаннан кейін жазбаша баспасөзде жарияланған сұхбаттары мен мақалаларының жинақталып, «Айтматовтың ақ бұлттары» деген кітап дайындалғанын еске салды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар