Орталық Азия мен Жапония сыртқы істер министрлері Бішкекте

«Орталық Азия және Жапония диалогы» атты жиналыс Бішкекте өтуде.

131446
Орталық Азия мен Жапония сыртқы істер министрлері Бішкекте

Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Жапонияның сыртқы істер министрлері қатысып отырған аймақтық «Орталық Азия және Жапония диалогы» атты жиналыс Бішкекте өтуде.


Биылғы бесінші жиналыста Орталық Азия елдерінің Жапониямен ынтымақтастығы, өркендеу, сауда-инвестиция қатынастарын арттыру мәселелері қолға алынады.


Орталық Азия-Жапония платформасының құрылғанына биыл он жыл толып отыр.


Жиналыс мақсатымен келген қонақ министрлерді Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қабылдады.


Аталмыш жиналыстың алғашқысы 2004 жылы Қазақстанда, екіншісі 2006 жылы Жапонияда, үшіншісі 2010 жылы Өзбекстанда және төртіншісі 2012 жылы Жапонияда өткен болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар