Ресейден Қырғызстанға 500 миллион долларлық көмек

Қырғыз басшы Ресей, Белоруссия және Қазақстаннан тұратын Кеден одағына да биыл мүше болатындарын айтты.

88130
Ресейден Қырғызстанға 500 миллион долларлық көмек

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев кеше Ресейдің Сочи қаласында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.


Бұл туралы Қырғызстан президенттік аппараттың баспасөз орталығы жариялады. Атамбаев-Путин кездесуінде екі жақты қатынастарды дамыту мәселесі қаралды. Екі ел үкіметтері арасындағы ықпалдастықтың жоғары деңгейде болуына деген ризашылық тілге тиек етілді.


Атамбаев Қырғызстанның стратегиялық серігі және бауырлас ел Ресеймен байланыстарды нығайту ниетінде екенін атап көрсетті.


Қырғыз басшы Ресей, Белоруссия және Қазақстаннан тұратын Кеден одағына да биыл мүше болатындарын айтты.


РИА Новостидің хабарына қарағанда, Путин-Атамбаев кездесуінен кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қырғызстан экономикасына көмек үшін 500 миллион доллар берілуіне шешім қабылданғанын білдірді.


Қазақстанның елордасы Астанада 29 мамыр күні болған Еуразиялық Кеден одағына мүше елдер басшылары саммитінде Қырғызстанды Кеден одағына қосатын жол картасы қабылданып, 26 шілде күні де Қырғызстан үкіметі мүшелік келіссөзін бастатқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар